6 октября 2026 г. 11:29
Мирас Тулебаев встретился с жителями Карагандинской области
Вице-министр туризма и спорта Мирас Тулебаев встретился с жителями Карагандинской области. В мероприятии приняли участие специалисты в сфере туризма и спорта, спортсмены, тренеры, представители местных исполнительных органов и туристского сообщества.
В ходе встречи обсуждены вопросы развития массового спорта, совершенствования спортивной инфраструктуры, вовлечения детей и молодежи в спорт, поддержки национальных видов спорта, а также эффективного использования туристского потенциала региона.
«Карагандинская область обладает значительным природным и историко-культурным потенциалом, а также имеет свои сильные спортивные традиции. Наша задача – эффективно использовать эти возможности, создавать для жителей условия для занятий спортом и качественного отдыха, а также привлекать новые инвестиции в туризм», – отметил Мирас Тулебаев.
В первом полугодии 2026 года в местах размещения области обслужено 181 тыс. внутренних туристов. Регион посетили 9,6 тыс. иностранных туристов, что на 17% больше, чем за аналогичный период прошлого года. За 8 месяцев в сферу туризма привлечено 15,5 млрд тенге инвестиций, рост составил 10%.
В этом году в области реализовано 14 новых туристских проектов общей стоимостью 12,7 млрд тенге. В их числе 6 объектов в городе Балхаш и 4 проекта в Каркаралинском районе. До конца года планируется реализовать еще 9 проектов.
Балхаш остается одним из ключевых туристских центров региона. За 9 месяцев город посетили около 200 тыс. туристов, рост составил 18%. Каркаралинский государственный национальный природный парк посетили 43 тыс. человек – на 23% больше, чем годом ранее. В рекреационной зоне Бугылы реализуется проект по строительству инженерной инфраструктуры стоимостью 4,4 млрд тенге.
Активно развивается и событийный туризм. Фестиваль «BalkhashTourFest», прошедший в Балхаше, собрал рекордные 75 тыс. гостей. Фестиваль «BaiQymyz-2026» в Каркаралы посетили около 20 тыс. человек.
В сфере спорта в области функционируют 1 384 спортивных объекта. В этом году введены в эксплуатацию 4 новых объекта, еще на 8 объектах продолжается строительство. В Караганде ведется строительство футбольной академии стоимостью 14 млрд тенге.
В ходе встречи жители задали вопросы о мерах государственной поддержки в сфере туризма, льготном кредитовании и развитии туристской инфраструктуры. В сфере спорта были подняты вопросы оптимизации финансирования профессиональных клубов, поддержки детско-юношеского спорта, строительства современных спортивных объектов и подушевого финансирования спортивных школ. Мирас Төлебаев ответил на вопросы жителей и разъяснил проводимую работу по обозначенным направлениям.
6 октября 2026 г. 11:28
Мирас Төлебаев Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті
Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті. Жиынға туризм және спорт саласының мамандары, спортшылар мен жаттықтырушылар, жергілікті атқарушы органдардың және туристік қауымдастық өкілдері қатысты.
Кездесу барысында бұқаралық спортты дамыту, спорт инфрақұрылымын жетілдіру, балалар мен жасөспірімдерді спортқа кеңінен тарту, ұлттық спорт түрлерін қолдау және өңірдің туристік әлеуетін тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
«Қарағанды облысы – табиғи және тарихи-мәдени әлеуеті жоғары, спортта өзіндік мектебі қалыптасқан өңір. Біздің міндетіміз – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, тұрғындарға спортпен айналысуға және сапалы демалысқа қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ туризм саласына жаңа инвестиция тарту», – деді Мирас Төлебаев.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың орналастыру орындарында 181 мың ішкі туристке қызмет көрсетілді. Өңірге 9,6 мың шетелдік турист келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға жоғары. Ал сегіз айдың қорытындысы бойынша туризм саласына 15,5 млрд теңге инвестиция тартылып, көрсеткіш 10%-ға өсті.
Биыл облыста жалпы құны 12,7 млрд теңге болатын 14 жаңа туристік жоба іске асырылды. Оның ішінде Балқаш қаласында 6 нысан, Қарқаралы ауданында 4 жоба пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 9 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Балқаш қаласы өңірдегі негізгі туристік орталықтардың бірі саналады. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша қалаға шамамен 200 мың турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға көп. Қарқаралы ұлттық табиғи паркіне 43 мың адам барып, келушілер саны 23%-ға артқан. Сонымен қатар Бұғылы рекреациялық аймағында құны 4,4 млрд теңгені құрайтын инженерлік инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Өңірде оқиғалық туризмді дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Балқашта өткен BalkhashTourFest фестиваліне рекордтық 75 мың қонақ жиналса, Қарқаралыда ұйымдастырылған BaiQymyz-2026 фестиваліне 20 мыңға жуық адам қатысты. Мұндай ірі мәдени-туристік іс-шаралар өңірдің туристік тартымдылығын арттырып, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына да серпін беріп отыр.
Спорт саласында облыста 1 384 спорт нысаны жұмыс істейді. Биыл 4 жаңа нысан пайдалануға беріліп, тағы 8 нысанның құрылысы жүргізілуде. Қарағанды қаласында құны 14 млрд теңге болатын футбол академиясының құрылысы жүріп жатыр. Жаңа нысан өңірдегі балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға, жас спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға және спорт резервін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кездесу барысында тұрғындар туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдетілген кредит беру тетіктері және туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша сұрақтар қойды.
Спорт саласында кәсіби клубтарды қаржыландыруды оңтайландыру, балалар мен жасөспірімдер спортына қолдау көрсету, заманауи спорт нысандарын салу және спорт мектептерін жан басына шаққандағы қаржыландыру мәселелері көтерілді.
Мирас Төлебаев тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша түсініктеме берді. Сонымен қатар туризм мен спорт салаларын одан әрі дамыту, өңірлердегі инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындар үшін қолжетімді жағдай қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
6 октября 2026 г. 3:26
Министерство туризма и спорта РК согласовало кандидатуру на должность руководителя управления физической культуры и спорта Павлодарской области
Состоялось очередное заседание комиссии при Министерстве туризма и спорта Республики Казахстан по назначению руководителей региональных управлений спорта.
На заседании рассмотрели кандидатуру, предложенную на должность руководителя управления физической культуры и спорта Павлодарской области.
По итогам обсуждения члены комиссии одобрили кандидатуру Серика Халелова, ранее возглавлявшего детско-юношескую спортивную школу № 7 акимата города Астаны.
Профессиональный опыт кандидата в сфере спорта, его управленческие навыки и подход к развитию спорта в регионе были всесторонне рассмотрены комиссией. По итогам принято положительное решение.
Кандидатуры представляют местные исполнительные органы. Назначение осуществляется только после одобрения комиссии при Министерстве туризма и спорта РК.